Қадыров карантин режимін бұзғандарды ұрған күштік құрылымға алғысын айтты
Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров күштік құрылым ведомствосының қызметкерлерін карантинді бұзған азаматқа күш көрсеткені үшін мақтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
КП басылымының мәліметінше, саясаткер алғысын әлеуметтік желілердегі тікелей эфир кезінде білдірген. Федерация субъектісінің басшысы қауіпсіздік күштерінің аталмыш қызметкерлерін көтермелеуге уәде берген. Белгілі болғандай, желіде Аргун қаласынан түсірілген видео жарияланған, кадрда Шешенстан күштік құрылым қызметкерлерінің карантин шараларын бұзған адамды ұрғаны бейнеленген. Кадыровтың өзі атап өткендей, құқық қорғау органдарының қызметкерлері аймақтың қауіпсіздігін қадағалайды. Саясаткер мыңдаған адамды жерлегеннен гөрі, бір адамды сабаған оңай екенін мойындады. Ол Шешенстанда қатаң шаралар қабылдағанын атап өтті. Саясаткер, тіпті, өз халқын қорғау үшін қандай шаралар қабылдауға дайын екендігі туралы да мәлімдеме жасады. Lenta.ru-дың хабарлауынша, Шешенстан Республикасы Ресей Федерациясында СOVID-19-ға байланысты кіру және шығу жолдарын толығымен жапқан алғашқы аймақ болды. Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, бүгін Алматы қаласында 2 адам коронавирустан емделіп шықты.