Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылына қаладан үйсіздер ағылып жатыр. Карантин кезінде қаланы тазартуды ойлаған басшылық үйі-күйі жоқ адамдарды көлікпен әкеліп, далаға тастап кетуде. Жаңбыр астында қалған оларды жергілікті халыққа су беретін мекеменің жұмысшылары байқап, KAZ.NUR.KZ редакциясына видео жолдаған, деп хабарлайды Oinet.kz.
Олардың айтуынша, күннің суығында жаңбыр суына ұйықтап жатқан үйсіздерді аямау мүмкін емес.
- "Кешелі бері қаладан Бесағаш ауылына 30-40 шақты бомж келді. Барлығын жол бойына лақтырып кеткен. Бомждарды тасушылар үш рейс жасады. Мұнда бой тасалайтын, тығылатын жер жоқ. Олар түнімен жаңбыр астында ұйықтап шықты. Қазір оларға тамақ берудің жолдарын қарастырып жатырмыз. Бүгінде бүкіл елде төтенше жағдай жарияланып, карантин режимі енгізілді. Ешкім үйден шықпай, маскамен қымтанып, барлық тазалық шараларын қолданып жүрміз. Ал Алматы басшылығының әй-шайға қарамай, бомждарды лақтырып кеткенін түсіне алмай отырмыз. Олардың вирус таратушы болмасына кім кепіл? Егер коронавирустың таралмауына шынымен мүдделі болса, бомждарды жинап, арнайы орында неге ұстамайды? Осылай ауыл шетіне лақтырып кеткеннен мәселе шешіле ме? Халыққа күн сайын үйде отыруды тапсырып жатыр, ал нағыз вирус тасымалдаушы болуы мүмкін бомждарды ауылға тасуда. Логика қайда?", - дейді атын атамауды сұраған тұрғындардың бірі.
Видеодан мәлім болғандай, бомждардың басым бөлігін Саяхат автовокзалы маңынан алып кеткен. 40 шақты үйсіз адам түнімен жол бойында ұйықтап шыққан. Қазіргі таңда су беретін мекеме аумағында күзет күшейтілді. Айта кетейік, осыған дейін Алматыда коронавирус инфекциясын таратуы мүмкін үйсіз азаматтар іздестіріліп жатқаны белгілі болған еді. Әкімдік олар үшін жеке ғимарат дайындап, қосымша төсек-орындар әзірлеп қойған екен. Алматы бейімдеу орталығының директоры Харсан Таранов қала әкімшілігінен Көксай ауылында 20 төсек бөлінгенін мәлімдеді.
- "Егер бізге жүгінсе, тексеріп, қабылдаймыз. Карантинге дейін жүгінетін, барлығын қабылдайтынбыз", - деді ол.
Қазіргі уақытта мегаполистегі бейімдеу орталығында 120-дан аса адам жатыр. Олардың барлығы тексерілуге келіп, оқшауланды. Одан бөлек, мекеме аумағында күшейтілген режим іске көшті: бөтен адамдарға кіруге тыйым салынды. Әлеуметтік жұмысшылардың мобильді тобы үйсіз жүрген азаматтарды іздеуді жалғастырып жатыр.