Солтүстік Кореяда мүлде коронавирус дерегі тіркелмеген
Солтүстік Корея дәрігерлері елде жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайлардың расталмағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақпан айында Оңтүстік Кореяның Chunan Ilbo басылымы КХДР-дегі дереккөзге сілтеме жасап, Солтүстік Кореяда жаңа коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы туралы хабарлаған. Басылымның мәліметінше, алғашқы пациент Қытайдан оралған "Пхеньян" тұрғыны болып шыққан. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмаған.
- "Елімізде әлі күнге дейін коронавирус жұқтырғандар болған емес", - дейді агенттікке жұқпалы ауруларды жедел бақылау жөніндегі орталық штабтың эпидемияға қарсы бөлімінің басшысы Пак Мен Су.
Оның сөзінше, елде коронавирустың алдын алу шаралары бірден жүргізілген.
- "Біз елімізге келгендердің барлығына тексеріс жүргізіп, карантин енгіздік. Сондай-ақ барлық тауарларды мұқият дезинфекциялау, шекараларды жабу, теңіз бен әуе жолдарының барлығын жабу сияқты профилактикалық және ғылыми шараларды жүргіздік", - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореядағы қазақ жігіті кәрістердің коронавирусты қалай жеңгенін айтып берген еді.