Қалқаманов: «Коронавирус жұқтырған азаматпен 16 адам қарым-қатынаста болған»

Oinet.kz 01-04-2020 1653

Коронавирус жұқтырған жетісайлық азаматтың 16 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Коронавирус жұқтырған азамат Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

2019082814454084231_69473335_1304999972983300_82181724835351.jpg

«Мәліметке сай, ол азамат 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған. Ауруханаға 30 наурыз күні қаралған. Науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен Қарағанды қаласына тоқтаған. 6 сағат вокзалда отырған ол, ары қарай Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезға 22 наурыз күні сағат 6.00-де отырып, 23 наурыз күні Шымкент қаласынан түскен. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан. Әзірге анықталғаны науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса, 11 адам Жетісай қаласының тұрғындары», делінген облыс әкімі орынбасарының facebook парақшасындағы жазбасында.

Министр: «Коронавирус жұқтырған төрт қазақстандық тергеуге алынды»
Қазақстанда тағы 5 коронавирус жұқтырғандар пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу