Мирзиеев дәрігерлерге айына 2,5 мың доллар төленетінін айтты
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандарды емдеп, тікелей жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге айына 2,5 мың доллар жалақы төлемекші. Мұны Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзиеевтің өзі айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.
– Карантин кезінде індет жұқтырғандармен бір ғимаратта жұмыс істеген дәрігерлер мен эпидемолог мамандарға ай сайын 25 млн сум төленеді. Ал медбикелер мен зертхана қызметкерлеріне 15 млн сум, санитарлық қызметкерлерге 10 млн сум, басқа да қызметкерлерге 5 млн сум төлейтін боламыз, – деді Өзбекстан президенті.
Бұл төлемдерді қазіргі таңдағы валюта бағамына шаққанда 2,5 мың, 500 доллардың аралғын құрайды.
Егер медицина қызметкерлері коронавирус жұқтырғандарды емдеу барысында инфекция жұқтырса, мемлекет 100 млн сум (10 мың доллар) төлеуді мойнына алып отыр.