Жамбыл облысында коронавирустан көз жұмған әйелмен байланыста болған 9 адам анықталды
Олар коронавирус инфекциясына тест тапсырды. Марқұмның болған жерлерінде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді.
Жамбыл облысында коронавирустан қайтыс болған ақмолалық әйелмен байланыста болған 9 адам табылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұған дейін қайтыс болған әйелдің Шу мен Алматыға қонаққа барғандығы хабарланған болатын. Алматы облысында оның екі туысы табылды. Олармен байланыста болған тағы бес адам анықталды.
27 наурызда Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді.