Қызылорда облысының әкімі ұсталды деген хабар тарауда

Oinet.kz 27-03-2020 1581

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов кеше жұмыс орынында болды, деп мәлімдеді әкімнің баспасөз хатшысы Рауан Мыңбай Azattyq Rýhy тілшісіне.

«Облыс әкімі кеше жұмыста болды. Бүгін белгісіз. Облыс әкімдігіне құзырлы органдар тарапынан ресми ақпарат түскен жоқ», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін белгілі Тelegram канал авторы Ербол Еділов Қызылорда облысының басшысы мен оның қол астындағы бірнеше лауазымды тұлға алаяқтық жасағаны үшін қамауға алынды деп хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кейбір дереккөздерінің ақпараты бойынша, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов алаяқтық жасағаны үшін ұсталды. Сонымен қатар, оның орынбасары Марат Делмұханов пен әкіміне туыс болып келетін екі кәсіпкер - Жеңісбек Ысқақов пен Азат Досмаилов ұсталды», - деп жазды ол.

AMP

Еске салсақ, Қуанышбек Ысқақов 2019  жылы маусым айында облыс әкімі болып тағайындалды.

Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда жиһаз фабрикасында бірінші разрядты станокшы ретінде бастаған. Әр жылдары Қызылорда облысы бойынша салық комитетінде маман, инспектор, сектор меңгерушісі, төраға орынбасары, облыс әкімінің бірінші орынбасары, өңірдің қаржы басқармасының бастығы, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.                       

2015 жылы шілдеден желтоқсанға дейін Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы болып еңбек етті. 2015 жылдың желтоқсанынан бері Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болды.

Украинадағы қазақстандықтар елге оралды
Алматыда бір науқастың жағдайы ауыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу