Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны жарты миллионнан асты

Oinet.kz 27-03-2020

Дүние жүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 526,6 мыңнан асып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

200205180908-05-coronavirus-0205-hong-kong-super-tease.jpg

Онлайн режимде әлемдегі коронавирус жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін worldometers.info сайты ақпаратына сәйкес, АҚШ инфекция жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озып, бірінші орынға шыққан.

Штаттарда COVID-19 инфекциясы ресми түрде 83,6 мыңнан аса адамнан расталған. Тек бір тәулікте коронвирусқа шалдыққандар саны 15 мыңға артқан, осы уақыт аралығында 182 адам қайтыс болған.

Коронавирустан көз жұмғандар Италияда көп тіркелген. Осыған дейін туристердің сүйікті елінде 8 мыңнан аса адам қайтыс болды. Соңғы 24 сағатта 712 қайғылы жағдай тіркелген. Ал инфекция жұқтырғандар саны бойынша ҚХР-ға жақындап келеді. Елде 80,5 мың науқас бар, бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 6 мыңнан аса дерегі расталған.

Айта кетейік, Қытайда COVID-19 инфекциясымен жалпы 81 мың адам ауырған, бірақ оның 75 мыңға жуығы дерттен айығып кетті. Соңғы тәулікте инфекция жұқтыру дерегі тіркелген жоқ.

Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 113 адамға жетті. Олардың екеуі жазылып, 26 наурызда ауруханадан шықты. Сондай-ақ, 26 наурызда елімізде COVID-19 инфекциясынан болған алғашқы адам өлімі тіркелді.

Мектеп оқушыларының сабақтарына өзгерістер енгізілді
Шымкент әкімі коронавирусқа байланысты мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу