Мектеп оқушыларының сабақтарына өзгерістер енгізілді

Oinet.kz 27-03-2020 1437

Қашықтан оқыту процесі әр мектепте қабылданған режим мен тәртіп бойынша жүреді.

Қазақстанда мектеп оқушыларын қашықтан оқыту кезінде әр сабақ 30 минуттан болады. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының эфирінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, қашықтықтан оқытудың әлемдік үздік тәжірибелері зерттелген. Ал қазірдің өзінде Білім және ғылым министрлігінің енгізген ұсыныстары ескеріле отырып, өзіндік тұжырымдама жасап шығарылды.

Қашықтан оқыту процесі әр мектепте қабылданған режим мен тәртіп бойынша жүреді. Сабақтың ұзақтығы 30 минутты құрайды. Мұғалім, оқушы және ата-ана тығыз қарым-қатынаста болады. Барлық оқу материалдары дайын, - деді министр.

Бұрын хабарланғандай, 6 сәуірден бастап қазақстандық мектеп оқушылары қашықтықтан оқи бастайды. Сондай-ақ «Балапан» және «Ел Арна» телеарналарында оқушыларға қосымша видеосабақтар іске қосу жоспарланған болатын.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Жамбыл облысында тiркелді
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны жарты миллионнан асты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу