Ең алғаш коронавируспен ауырған адам белгілі болды

Oinet.kz 26-03-2020 1284

COVID-19 инфекциясын ең алғаш болып Уханьдағы "Хуанань" теңіз өнімдері базарының сатушысы жұқтырған. Вэй текті келіншек тірі теңіз шаянын сатумен айналысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

image.png

2019 жылдың 11 желтоқсанында сатушының дене қызу белгісіз себептермен көтеріледі. Базар маңында павильон жалдайтын ол өз үйінің бірінші қабатындағы клиникаға жүгінеді. Тиісті көмек ала алмаған соң 16 желтоқсан күні Хуачжун ғылым және технология университеті маңындағы "Сэхэ" ауруханасына барады.

Көп ұзамай дәл сол сатушының жаңа коронавирустық инфекция жұқтырғаны белгілі болады.

"Пэнпай" газеті қызеткерлері коронавирусты алғаш жұқтырғандар тобының тізімін алды. Осылайша, олар "Хуанань" базарымен 24 адам байланыста болғанын, олардың төртеуі бір жанұя мүшелері екенін анықтайды.

Сондай-ақ, журналистер базарға еш қатысы жоқ бола тұра, COVID-19 инфекциясын жұқтырған алғашқы адамды тапты. Чэнь текті азаматтың да 16 желтоқсан күні қызуы көтерілген.

Ер азаматтың сөзінше, ол компаниялардың бірінде қаржымен айналысады және 30 шақырым алыс тұратын базармен немесе тірі құстармен байланыспаған. Науқас дертті жұмысқа бара жатқанда метрода жұқтырып алуым мүмкін деп болжаған.

Айта кетейік, Ухань қаласының полициясы жаңа коронавирус жайлы хабарлап, кейін жалған ақпарат таратты деп құқық қорғау органдарынан ескерту алған марқұм дәрігердің жанұясынан кешірім сұрады. Ли Вэньлян алғашында ешкімге дәлелдей алмаған вирустан көз жұмған.

Латын Америкасы мен Кариб елдерінен 137 қазақстандық келді
Олимпиаданың бір жылға шегерілуі қанша шығын келтіретіндігі айтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу