Қазақстан 2 емделуші коронавирустан жазылып шықты
Қазақстанда 2 емделуші коронавирустан жазылды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінене ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
- «Брифингті жақсы жаңалықтан бастағымыз келіп отыр. Екі емделуші коронавирустан айықты. Қазір олар соңғы тексеру сараптамаларын тапсыруда. Бұйыртса ауруханадан ертең шығады. Бұл - біздің коронавируспен күрестегі жеңісіміз. Басты дүние осы деп айтуға болады. Ең алдымен бұл - дәрігердің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан Үкіметтің және барша қазақстанықтардың атынан медцина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінң қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Кез келген маман үшін ең бастысы - өз еңбегінің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді», - деді Дәурен Абаев.