Тоқаев: «Өзгергісі келмейтін министрлер мен әкім-қаралар орнын босатады»

Oinet.kz 24-03-2020 1526

Шешім қабылдауда ескі шаблондардан арылатын кез келді. Бұл туралы Ақордада төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген президент Тоқаев айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

d530d070-ee26-4e9c-b494-63763ca73928.jpg

Президент пікірінше бүкіл мем.аппарат басқарудың бұрынғы әдіс-тәсілдерінен арылып, жаңа жағдайға бейімделуі керек. Әйтпесе орнын босатады.

- “Қалыптасқан жағдайда мемлекетті басқарудың жолдарын түбегейлі өзгерту қажет. Мемлекеттік маңызы бар шешім қабылдайтын тұлғалар өз-өзіне жауапкершілік ала біліп, батыл, әрі нәтижелі шешім шығаруы керек. Дағдарыс салдарымен күресу үшін мемлекеттік басқару жүйесіне шұғыл шешім қабылдайтын құқық беретін қаулы қабылдадым. Бұдан былай мем.органдар кез-келген мәселені қарастырарда өз әлеуетіне сеніп, өз көзқарасы негізінде шешім қабылдай алады. Бұл бірінші кезекте бюджет процесі, баға бақылауы, мемлекеттік сатып алу, жеңілдік беру секілді мәселелерге қатысты”, – дейді Тоқаев.

Президент Үкімет мүшелері мен әкімдерге біркездегі жайбарақат өмірдің келмеске кеткенін еске алып, мүлде басқа жағдайда жұмыс істейтін кез келгенін ескертті.

- “Қазіргі жағдайға жүрдім-бардым қарап, баяғы әуеніне басып, ешнәрсені өзгерткісі келмей, ескі тәсілмен басқара бергенді ұнататын, елден бұрын, жеке басының мүддесін жоғары қоятын министрлер мен әкім-қаралар орнын босатады. Бүйтпесек бұл дағдарысты еңсере алмаймыз. Министрлер мен әкімдер шапшаң қимылдауы қажет”, – дейді Тоқаев.

Президент мем.басқарудағы өзгерістерді жылдамдатып енгізіп,  дағдарысқа қарсы шара қабылдауды Үкімет басшысына тапсырды.

Белгілі саясаткер өткен жылы болған Президент сайлауының бар шындығын айтты
Көлгінов: «Карантин ертерек аяқталсын десек...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу