Алматыдан облысқа кетіп қалғандардың барлығы карантинге жатқызылады
Алматыдан облысқа кетіп қалғандардың барлығы карантинге жатқызылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл Алматыда жұмыс істейтін бірақ облыстарға кетіп қалған тұрғындарға қатысты дейді әкімдіктегілер.
"Олар міндетті түрде екі апта уақыт үй карантиніне жатқызылады. Өңірдің бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов бұл шешімге қол қойды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы карантиндегі адамдарды бақылайды", - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Бұл шешім күшіне енді.