Шымкенттік волонтерлар төтенше жағдайда қала тұрғындарына ерекше көмек көрсетті

Oinet.kz 19-03-2020 852

Screenshot_4.jpg

Әлемді әбігерге салған коронавирустың таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Бұл жағдай қоғам мүшелері, әсіресе жалғыз басты қарттарға оңайға соқпай отыр.  Жастар ресурстық орталығының бастамасымен жыл басында қолға алынған «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында адамдар жиі шоғырланатын жерлерге шыға алмайтын жалғыз басты қарияларға волонтерлер 50 азық-түлік себеттерін тарқатты. 

Сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жарияланған төтенше жағдай режимінде волонтерлер көмек көрсетуді мұнымен тоқтатқан жоқ. Қала тұрғындары мен қонақтары жиі серуендейтін «Арбат алаңы» мен «Орталық саябақта», аялдамалар мен қоғамдық көліктерде бір топ волонтерлер 1000-ға жуық қала тұрғындарына коронавирустың алдын алуға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,  коронавирустан сақтану ережелері туралы ақпараттық парақшалар мен  дәріханаларда сұраныстың артуына байланысты тапшы кездесетін 1000 дана медициналық маскалар  тарқатты. 


Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 22 наурыздан батсап 600 әуе рейсі тоқтайды
Назарбаев халыққа маңызды мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу