Темекі тартатындарға коронавирус жұға қоймайды – ғалымдар

Oinet.kz 12-03-2020 1786

Темекі тартатын адамдардың коронавирус жұқтыру ықтималдығы мұндай зиянды әдеті жоқ адамдармен салыстырғанда 20 есеге төмен екен.

Осындай қорытындыға коронавирустың таралуы табиғатын зерттеген ғалымдар келді, деген "Федерал Пресс" басылымының жаңалығын vazhno.ru сайты жариялайды.

Басылым деректерінше, Ухандағы коронавирус жұқтырған 140 адам тексерілгенде, олардың арасындағы 2 адам ғана темекі тартатын болып шықты. Бұл науқастар тобының небәрі 1,4%.

Бұл дегеніміз, алдын-ала қорытындыларға сай, темекі тартатын адамдардың коронавирус жұқтыру ықтималдығы мұндай зиянды әдеті жоқ адамдармен салыстырғанда 20 есеге төмен дегенді білдіреді.

Сонымен бірге, сарапшылар коронавирус жұқтыру қауіпі әсіресе гипертония мен диабеті бар адамдарда жоғары деп атап өтеді.

Дариға Назарбаеваға әлемдік "Paigham-e-Pakistan" 2020 бейбітшілік сыйлығы табыс етілді
Оралда 9-сынып оқушысын достары зорлаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу