Танымал блогердің туған күні өліммен аяқталды
Ресейлік танымал блогер Екатерина Диденконың туған күні қайғылы жағдаймен аяқталды. 29 жасын тойлаған желі жұлдызының кешінде үш адам қаза тапты. Марқұмдардың арасында блогердің жолдасы да бар. Анықталғандай, дәрігерлер ер адамның өмірі үшін ұзақ күрескен. Алайда, оның жанын аман алып қала алмаған. Алдын ала мәлімет бойынша6 қайғылы жағдай туған күн иесінің күйеуі алып келген құрғақ мұз салдарынан орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Instagram әлеуметтік желісінің жұлдызы өз туған күнін күйеуі мен достарының ортасында моншада атап өтуді ұйғарған. Туған күн иесіне тосын сый жасамақ болған жолдасы будың анағұрлым көп болуы үшін бассейнге құрғақ мұз төккен деп хабарлайды Super.ru.
Нәтижесінде, суға түскен блогер мен кейбір қонақтардың денесін аса қатты химиялық күйік шалған. Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлердің реанимациялық әрекеттеріне қарамастан, туған күнде болған екі мейман қаза тапты.
Басылымның хабарлауынша, Екатерина Диденконың күйеуі аса ауыр жарақаттармен ауруханаға жедел түрде жеткізілген. Медицина қызметкерлері оның өмірі үшін ұзақ жанталасты.
Алайда, олардың әрекеттері сәтсіз аяқталды. Ер адам түнде көз жұмған.
Айта кетейік, бастапқыда кейбір Telegram арналар Диденконың да қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Алайда, артынан ол видео жариялап, аталмыш жаңалықты жоққа шығарды.
Белгілі болғандай, бассейнге 25 келі құрғақ мұз төгілген. Кейбір қонақтардың денесі толығымен көгеріп кеткен.