Коронавирусқа шалдыққан науқас неше адамға вирус жұқтыруы мүмкін

Oinet.kz 27-02-2020 1985

Қытайдың денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті арнайы сараптамалық комиссиясының басшысы коронавирусқа шалдыққан науқас орта есеппен вирусты екі-үш адамға жұқтыруы мүмкін екенін айтты. Чжун Наньшаньның сөзінше, қатерлі дерттің жылдам таралуы осыған байланысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

chi700.jpg

- "Бүгінгі статистикалық мәліметтерді негізге ала отырып, қазіргі эпидемияның таралуы SARS (ауыр әрі өткір респираторлық синдром) кезіндегі аурудың өршуіне қарағанда белсендірек деп ұйғаруға болады. Ауруға шалдыққан бір науқас вирусты екі-үш адамға жұқтыруы мүмкін", – деп мәлімдеді Чжун Наньшань.

Оның айтуынша, дәл осы жайт инфекцияның ерекше жылдамдықпен таралуын түсіндіреді.

Айта кетейік, Қытай аумағынан тыс коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны күн санап көбейіп келеді. Оңтүстік Кореяда індет жұқтырғандар 1,5 мың адамнан асса Ал Еуропаның тағы төрт елінен қауіпті коронавирус анықталған.

Бұған дейін қатерлі дерттің Италия арқылы өзге де Еуропа елдеріне тарап жатқанын жазған едік.

Сондай-ақ Грузия денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Екатерина Тикарадзе мемлекет аумағында ресми түрде қытайлық коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелгенін мәлімдеді.

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та жаңа коронавирустың Қазақстанға да жетуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Димаштың суреті Нью-Йорктегі атақты жұлдыздар галереясына қойылды
Әскери қызметші ұрлаған қару-жарақтар толықтай табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу