Шөкеев Түркістан облысындағы газға қатысты мәселені тексеруді тапсырды

Oinet.kz 14-02-2020 1042


  1581661143426274.jpg

Түркістан облысында "Қазтрансгазбен" және басқа да мекемелердің келіспеушіліктерінің салдарынан 78 ауылды табиғи газсыз қалдырған шенеуніктер тиісті жазасын алады. Бүгін халық алдында берген есебінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құқық қорғау орындарына осыған қатысты тапсырма бергенін айтты. 

– Былтыр біз келгенімізде үлкен проблемаға жолықтық. 2013-2014 жылдары облыста газ құбырлары, агрестер салынған. Бірақ, "Қазтрансгазбен", басқа да мекемелердің келіспеушіліктердің салдарынан 78 елді мекенге құбырлар тартылғанымен газ жоқ. Мен бұл мәселемен Президентке дейін бардым. Президент тапсырма берді. Сол 78 елді мекеннің 60 шақтысы қазіргі таңда газға қосылды. Мұның ішінде әр түрлі мәселелер бар. Тапсырыс берушілердің кінәсі де бар. Бұған байланысты құқық қорғау органдарына тапсырма бердім. Түбіне дейін жетіп, бәрін қалпына келтіруіміз керек, – деді әкім. 


Шымкентте мектеп дәретханасы мәселесі биыл шешіледі
Сапарбаев қоластындағыларға алғашқы тапсырмасын берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу