Шымкентте мектеп дәретханасы мәселесі биыл шешіледі

Oinet.kz 14-02-2020 939

0d616e547b533f021055c1a18ca3414f-1000x_ (1).jpg


Шымкентте биыл мектеп дәретханаларының бәрі ғимараттың ішіне көшіріледі. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін  халық алдына берген есебінде айтты. 

Жиында бір азаматша былтыр Таразда оқушы қыздың мектеп дәретханасында зорланғанын, осы жағдайдың Шымкентте орын алмауы үшін нендей шаралардың жүргізіліп жатқанын сұрады.

Әкім қазіргі уақыта қаладағы 25 мектеп дәретханасының сыртта орналасқанын, биыл 1 қыркүйекке дейін олардың барлығы ғимараттың ішіне көшірілетінін мәлім етті.  

Әкім сондай-ақ, есеп беру барысында мектептерде ата-аналардан ақша жинаудың дұрыс еместігін, мектептердің барлық қажеттілігі бюджет есебінен жүзеге асырылатынын ескертті. 


Өмірзақ Шөкеевтің халыққа есеп беру кездесуі басталды
Шөкеев Түркістан облысындағы газға қатысты мәселені тексеруді тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу