Н.Қабыштаев Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы ащы шындықты айтты

Oinet.kz 31-01-2020 979

1673337.jpg

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар алмасу, кедендік рәсімдеуде күдікті, күмәнді жайттар көп. Екі ел арасындағы экспорт пен импортқа талдау жүргізу нәтижесінде он жылдағы ақшалай көрсеткіштердің айырмашылығы 679,1 млн. долларды көрсеткен. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының  директоры Н.Қабыштаев мәлім етті. 

-Өткен жылы контрабанда мәселесін көтерген болатынбыз. Бір тараптан мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істеп жатыр, кәсіпорындар ашылып жатыр. Бірақ, екінші тараптан  өзіміздің нарықта арзан контрабандалық тауарлар да көп. Шекаралас өңір болғандықтан, бірінші кезекте Өзбекстанның контрабандасы бізге келеді. Бұл орайда бірінші кезекте жаңа өндіріспен айналысып, жұмыс орындарын қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлерден  шағым келіп түседі. Олардың тауарлары шекарадан өтер кезде біздің заңнамаға, кедендік салықтарға сай тепе тең болу керек. Екі жылдың статистикасын алсақ Өзбекстанға шығарған экспортымыз бен оларға кірген импорты екеуі тепе тең. Ол жақта қадағалау жағы қатаң болғандықтан бірде бір затты декларациясыз өткізе алмаймыз. Ал, олардың шығарған экспорты мен бізге кірген импортын салыстыратын болсақ 500 млн. доллар айырмашылық бар. Өзбекстанда тауарларды сыртқа шығару бойынша белгілі бір топтар жұмыс істейді. Кез келген затты ешбір салықсыз кез келген базарға дейін жол пұлымен қосып өткізіп беретін топтар жүйелі түрде жұмыс істейді. Өзіміздің кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікке шақырамыз. Сапасыз тауарлардың салдарынан түрлі келеңсіз жайттар, оқиғалар орын алып жатыр. Неге біз сырттан келетін затқа да сондай шарт қоймаймыз? Неліктен олар сырттан келіп отандық өнім өндірушілерден арзан бағаға денсаулыққа зиян келетін заттар сатуы тиіс. Біздің бұл тұрғыда құзырымыз шектеулі. Ары қарай жауапты құқық қорғау органдары тарапынан шешілуі тиіс. Кәсіпкерлер шекарадан өтіп жатқан  тауарларды көріп, бізге келіп әлі күнге дейін шағымданады. Дүниежүзілік түрлі практикалар бар. Олардың ішінде ең дұрысы жалпылама бақылау. Барлық мәселені онлайн үлгіде қадағалап отырсақ шешімі табылары сөзсіз. Бастысы таза кәсіпкерліктен біздің кәсіпкерлер қорықпайды,-деді Н.Қабыштаев. 

Директордың айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарадағы өткізу пункттеріне тексеру жұмыстары биыл наурызда жүргізіледі.  


Халықаралық іздеуде жүрген шымкенттік олиграхтың ұлы полицияға өзі келді
«Алдау үшін...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу