«Дәрігерлер халық медицинасын пайдаланды»: Коронавирустан емделген әйел өз жағдайы туралы айтты

Oinet.kz 31-01-2020 3590

Коронавирустан емделіп шыққан алғашқы адам сұқбат берді. Қытайдың Цзян фамилиялы азаматшасы өзінің аурудан қалай емделіп шыққандығын айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz порталына сілтеме жасап.

news_full15804401389a30644d510890bd1247ffc67d60a9a1 (1).jpg

Әйелдің айтуынша, оның жасы 44-те екен. Ол Ушань уездінің Чунцин қаласының тумасы екен. Соңғы бірнеше жыл бойы қытайлық азаматша Уханьда жұмыс істеп келген. 

«15 қаңтарда мен отаныма барып, Жаңа жылды тойлап қайтпақшы болдым. Менің күйеуім мені теміржол вокзалынан күтіп алды, сол кезде түрімді көріп шошып кетті. Менің жағдайым болмай тұрған еді. Жедел түрде ауруханаға бардық. Бірнеше күн бойы қабылданған емнің пайдасы тимеді. 21 қаңтар күні мені Ваньчжоу ауданында орналасқан орталық ауруханаға орналастырып, мені алшақ бөлмеге жатқызды. Осы тұтса менің коронавирустың жаңа түрінің әсерінен өкпе қабынуына шалдыққаным анықталды. Мен Чунцинде ауруға шалдыққан ең алғашқы науқас болдым. Дәрігерлер мен медбикелер маған қамқорлықпен қарады», - дейді әйел. 

Цзянның сөзінше, оның денесіне күнделікті дәрі себіліп, вирус пен инфекцияға қарсы екпелер егілген. Тіпті дәрігерлер ауруды емдеуге халық медицинасын да пайдаланыпты. 

«Соңғы күндері аурудың беті қайта бастады. Дәрігерлер ауруханадан шығуыма рұқсат берді. Айта кетерлік жайт, емделу үшін бір тиын төлеген жоқпын. Менен қалай болдың, қорықтың ба деп сұрап жатады. Айтатыным - ең бастысы әбігерге салынбай емді үзбей қабылдау керек.Бұған қоса өзіңді барынша қорғауға тырысып, бетпердені тастамай, гигиенаны сақтану қажет. Егер аурудың симптомдары байқалса, дереу дәрігерге көрініңіздер. Сені басқаларынан алшақтатқанынан қорықпай, дәрігерлердің сөздеріне сену керек. Сонымен қатар айығып шығамын деген үмітіңді жоғалтпау да маңызды», - дейді қытайлық азаматша. 

Бұған дейін ДДСҰ коронавирустың жаппай таралуын халықаралық ахуал деп атағаны айтылған еді. 


Қытайда коронавирус жұқтырған адам саны 9692 болды
Балабақша тәрбиешілері баланың денесіне хат жазып жіберген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу