Алматы облысында жас жігіттерден 2 келі марихуана табылды

Oinet.kz 09-01-2020 1105

Шолақ мылтық, тапанша, есірткі. Алматы облысында арнайы операция жүргізілді.

Алматы облысында полиция қызметкерлері қолында шолақ мылтық, тапанша және ірі көлемде есірткісі бар қылмыстық топты ұстау үшін арнайы операция өткізді, деп хабарлайды zakon.kz аймақтың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020010911263542448_2020010910243982348_0-gp0b08r2ehvr0wo5.jpg

Шұғыл шара барысында Еңбекшіқазақ ауданында, Қорғас-Алматы тас жолында Шелек ауылы маңында полиция қызметкерлері 22-25 жас аралығында үш жігіт мінген Volkswagen Golf көлігін тоқтатты.

- Үшеуі де Еңбекшіқазақ ауданындағы жеке үйлер мен пәтерлерге бірнеше мәрте ұрлыққа түскен деп күдікке ілінген. Бұл қылмыстық топты әшкерлеу үшін жедел іс-шараларды жүргізуді полиция екі ай бойы жоспарлап, даярлады. Ұстау кезінде күдіктілерден 16 калибрлі аңшы мылтығы, сондай-ақ пневматикалық тапанша табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, көліктің ішкі жасырын жерінен шамамен 2 келі марихуана табылды. Ұсталған адамдар Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция топ мүшелерінің Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандарының тұрғындары екенін айтты. Күдіктілердің бірінің үстінен бұрын басқа біреудің мүлкін заңсыз иемденгені үшін қылмыстық іс қозғалған. Ұсталған қарулар сараптамаға жіберілді.

- Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ұрылар тобы бұл өңірді өткен жылдың жаз айынан бері иектеп жүр және ірі көлемде залал келтірілген 8 ұрлыққа қатысы бар деген болжам бар, оның ішінде зергерлік бұйымдар мен ақшалар ұрланған. Қылмысқа қатысты заңның бірнеше бабы бойынша (ұрлық, есірткі мен қаруды заңсыз сақтау) тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу облыстық департаменттің жеке бақылауына алынды, деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

«Бэк Эйр» рейстеріне билеттер сатып алмауға кеңес беріледі
Иран-АҚШ қақтығысы Қазақстанға мұнай экспортының жаңа мүмкіндіктерін ашады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу