Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасын тазартып тастады

Oinet.kz 05-01-2020

Қайрат Нұртас өзінің Instagram парақшасындағы барлы суреттерді өшіріп тастады, деп хабарлайды OINET.KZ

image.png

Оның бірі Әбу-Даби қаласындағы мешітте түскен сурет болса, екіншісі өз атымен жақында шығарған иіс суының жарнамасы.

Әр күн сайын парақшасына жаңа суреттер салып, әлеуметтік желідегі көрерменнің көзайымына айналған Қайрат Нұртас бір сәтті барлық суретін өшіріп тастаған. Мұны желі қолданушылары әр қалай топшылады. 

"Барлық фотолар қайда?" , "Неге өшіріп тастадыңыз?" , "Қайратқа не болған, тыныштық па, бүкіл суретін өшіріп, жалғыз суретінде бетін көрсетпей түскен? Одан қалса, ешбір жаңа жылдық программаларда жоқ" , "Жаңа жылдан жаңа инста ма?" , "Суреттер қайда, Қайреке?" , "Жаңа жылда шықпадыңыз ғой, күттік сізді" , "Бизнес аккаунт жасағысы келген шамасы" , "Енді мына парақшаны сатып, жаңасын ашады", "Инстаграмын басқаша кәсіби тұрғыда жүргізгісі келген шығар" , - деп жазуда көпшілік.

Нұр-Сұлтанда АӘК тағайындауға құжаттар қабылданып жатыр
2020 жылдың діни күндер кестесі бекітілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу