Мақпал Жүнісова күйеуін еске алып, оның ескі видеосымен бөлісті (видео)

Oinet.kz 12-11-2019 2881

Заманбек Нұрқаділов.jpg

Бүгін оппозиция қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің дүниеден өткеніне 14 жыл. Марқұм тірі болса, 17 қаңтар күні 75 жасқа толар еді. Қайраткердің жары Мақпал Жүнісова күйеуін еске алып, инстаграмм әлеуметтік желіде оның ескі видеосымен бөлісті, деп жазады Oinet.kz.

Жүнісова, видео астына «Мәңгі жүрегімдесің» деп жазба қалдырған. Желі қолданушылары болса, Нұрқаділовтің мәңгі халық жүрегінде қалатынын айтып, Алладан оның жәннәттық болуын тілеп жатыр.

видео сілтемесі

Айта кетейік, қазақстандық оппозиция қайраткері Заманбек Нұрқаділов 2005 жылғы қарашаның 12-сі күні кешкісін Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда қаза тапты. Ресми тергеу «Нұрқаділов өз-өзін үш рет атқан» деген қорытынды жасады. Бірақ, оппозиция «ол қастандық құрбаны болды» дейді.

Қазақстан мен Бельгия арасында саяси консультация өтеді
Құралай Нұрқаділова әкесі туралы жылы естелігімен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу