Қалада қандала қаптауда

Oinet.kz 10-10-2019 1681

Картинки по запросу қандала

ШҚО Алтай қаласында қандала қаптап кетті. Жәндіктердің қандай да бір жұқпалы инфекция таратуынан қорыққан тұрғындардың мазасыздануда, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

 Ал аудандық эпидемиология бақылау бөлімі мамандарының айтуынша, ағаш қандаласы адам денсаулығына қауіп төндірмейді. Сондай-ақ инфекция таратпайды.

«Сол себепті қандай да бір қарсы шара қабылдаудың негізі жоқ. Мәселен кене қаптаған жағдайда, бірден зарарсыздандыру жұмыстарын жүргіземіз. Өйткені олар адам денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Айталық бірқатар қауіпті ауруларды жануарлардан адамға тасымалдауға бейімделген... Ал егер қандала үйдің ішіне қаптап кетсе, сөз басқа. Мұндай жағдайда тұрғындар шағым жасап, дезинфекциялау зертханаларына жүгіне алады», – дейді аталмыш бөлімнің қызметкері Латипа Мұратбекқызы. 

Мамандардың сөзіне сүйенсек, күннің жылынуына байланысты жәндіктердің көбейе түсуі негізінен қалыпты жағдай. Осы орайда айта кетуіміз керек, «тал-бүрген немесе қамыс-қурайдың арасынан болмаса, үйдің ауласына я ішіне қаптап кірген қандалаларды көрмедік» деген тұрғындар да бар. Осыған қарағанда, ағаш қандаласының саны ауа райына байланысты және белгілі бір аумақта ғана арта түскен болуы мүмкін.

Арыс қаласының бас қақпасы ашылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбіш Кекілбайұлының ескерткішін ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу