Арыс қаласының бас қақпасы ашылды
Түркістан облысы Арыс қаласының жаңа кіреберіс қақпасының құрылысы аяқталып, салтанатты түрде ашылуы өтті. Ашылу салтанатына ҚР Кәсіподақтар федерациясың төрағасы Ералы Тоғжанов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысты, деп хабарлады OINET.KZ сайтының тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өңіріміздегі сәулеттік жобалардың ұлттық нақышта болғаны құба құп. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған аумақты айшықтайтын көріністер жаңа жобаларда көрініс тапқанына назар аудару өте маңызды. Маусымдағы қайғылы оқиғадан кейін қолға алынған Арыс қаласын жақсылыққа бастайтын берекелі қақпа болады деп сенемін», - деді аймақ басшысы Өмірзақ Естайұлы.
Жаңа нысанның құрылыс жұмыстары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының қаржыландыруымен іске асты.