Головкиннің 8 маусымда кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

Screenshot_1.jpg

Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін канадалық Стив Ролсске қарсы өткізетін болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде бірнеше дереккөз хабарлаған және спортшының өзі де ақпаратты растаған деп хабарлайды Sports.kz сайты.

FOX Sports журналисті Майк Копинджердің Twitter-дегі жазбасына сүйенсек, Головкиннің келесі қарсыласы жеңіліп көрмеген канадалық боксшы. 

"Геннадий Головкин DAZN-ғы алғашқы жекпе-жегін жеңіліп көрмеген Стив Роллспен 8 маусымда өткізбекші. Екінші қарсылас ретінде қарастырып отырған екінші боксшы Хассан Н'дам енді қарсылас бола алмайды. Жекпе-жек 165 фунт деңгейінде болады деп күтілуде. Роллс Торонтодан шыққан 35 жастағы боксшы. Ол ShoBox-та жарысып жүрген" , - деп жазды ол.

Головкин мен Роллстың кездесуі 8 маусым күні GGG сүйікті орны— Нью-Йорктегі Madison Square Garden-де өтеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді
  • Головкин бұрынғы бапкері жөнінде өз пікірін білдірді
  • Франц Беккенбауэр. Алаңдағы абыз
  • Головкин 8 маусымда өтетін жекпе-жекте қанша гонорар алады?
  • Головкиннің 8 маусымда кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: