Аршавин "Қайраттан" кетуінің шынайы себебін айтты

1545234267814285.jpg

Ресей құрамасы мен алматылық "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин мансабын аяқтау туралы шешімді қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды sports.kz.

Спортшы футболдан кетуді көптен бері ойлап жүрген екен. 

"Англиядан кетерде, футболды тастау туралы ойладым. Бұл ой мені "Зенит", кейін "Кубань" үшін ойнаған кезде де мазалады. Ерте ме, кеш пе, мансабымды аяқтайтынымды түсіндім. Бірақ көбісі мүмкіндігің болып тұрғанда, ойна деп кеңес берді", — дейді Аршавин. 

Ол жазда "Қайрат" президентімен кездесіп, клубтың болашағын талқылағанын атап өтті. 

"Мен оған сенің орныңда болсам, менімен келісімшартты ұзартпас едім дедім. Ол менің сөзіме құлақ асқан сияқты", — деді ойыншы matchtv.ru берген сұқбатында.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді
  • Головкин бұрынғы бапкері жөнінде өз пікірін білдірді
  • Франц Беккенбауэр. Алаңдағы абыз
  • Головкин 8 маусымда өтетін жекпе-жекте қанша гонорар алады?
  • Головкиннің 8 маусымда кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: