Ильиннің Катардағы турнирде жарысқа неге шықпағаны белгілі болды

1545571731186004.jpg

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинге бапкерлері жарақатының қайта белгі бере бастауына байланысты оған Катардағы кубокта жарысқа шығуына тыйым салды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ауыр атлетика федерциясындағылар. 

Сенбі, 22 желтоқсан, ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Ильин 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға жолдама ойнатылып жатқан турнирде жарысқа шықпай қалды. 

"Ем жасалып, қалпына келу процесі болғанымен, жарысқа шығар алдындағы дайындық кезінде омыртқадағы жарық сыр берді. Тәуекелге баруға болушы еді, бірақ денсаулығына зиян келіп,  жарыстарға мүлдем қатыса алмау қаупі болды", — деді ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Юрий Мельников.

Мельников Ильяның алдында бұдан да маңызды жарыстар тұрғанын алға артты. 

Ильин бұған дейін омыртқадағы жарақатына байланысты спорттық карьерасын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Денсаулығына байланысты ол күзде Түрікменстанда өткен әлем чемпионатына қатыса алмады. Бірақ қазақстандық спортшының Токио Олимпиадасына жолдама алуға әлі мүмкіндігі бар. Ол келесі жылы сәуірде өтетін Азия чемпионатына қатыса алады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді
  • Головкин бұрынғы бапкері жөнінде өз пікірін білдірді
  • Франц Беккенбауэр. Алаңдағы абыз
  • Головкин 8 маусымда өтетін жекпе-жекте қанша гонорар алады?
  • Головкиннің 8 маусымда кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: