Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов мексикалық қарсыласы Карлос Уерді алғашқы раундта сұлатып түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
32 жастағы былғары қолғап шебері Мексиканың Тихуанда қаласында кәсіпқой бокстағы 9-шы жекпе-жегін өткізген. Дәурен Елеусінов қарсыласы жергілікті боксшы Карлос Уерді оныншы секундта нокаутқа түсірді.
Осылайша Дәурен Елеусінов кәсіби мансабында сегізінші женіске жетті. Ол қарсыластарын жеті рет нокаутпен жеңген.