Головкин бұрынғы бапкері жөнінде өз пікірін білдірді

Screenshot_3.jpg

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин алғаш рет бұрынғы бапкері Абель Санчес жайлы пікір білдірді деп хабарлайды Sports.kz.

GGG Санчес тарапынан өзіне қарсы айтылған сөздерге тоқталып, оны құрмет тұтатынын атап өтті. 

Айта кетейік, Абель Санчес қазақстандық боксшымен жұмыс істеуін тоқтатқаннан кейін ол сұқбаттарында Головкиннің жалақысын қысқартқысы келгенін айтып, оны сараң әрі рақметі жоқ деп атаған болатын.

"Мен бұл джентльменді құрметтеймін. Ол мені көп нәрсеге үйретті. Оның өз тарапынан айтып жатқаны өз жұмысы. Мен... Жай менің Instagram-ды қараңыз. Мен:"Көп рақмет, сен маған шын мәнінде орасан зор тәжірибе бердің" деп жаздым. Осылай", - деп жауап қатты Головкин.

Дегенмен боксшы Behind The Gloves басылымына берген сұқбатында Абель Санчеспен арадағы мәселе ақшаға байланысты туындағанын мойындаған.

"Иә, бұны бір сөзбен ақша үшін туындады деп айтуға болады. Әркім өз жағын, өзінің көздеп жүрген мақсатын көрсетті. Егер егжей-тегжейін келсек, ол өз пікірін мен өз пікірімді айттым. Әйтеуір бір сұқбаттында дұрыс ой айтылады деп үміттенем. Ал "ұлымды жоғалттым" дегені. Сіз бұл фразаны мәтіннен жұлып алып отырсыз, бұл оның қолданатын тыйым салынған әдісі. Ол өзінің келбетін толық көрсетті. Мен қандай да бір нюанстар мен егжей-тегжейін атап өткім келмейді... Ол басында бір сөйлеп, кейін соған мүлде басқаша сөйлеп отыр. Ол өзінің шешімі. Алайда мен одан да көп білем, және бәрі ол айтқандай емес", - дейді Головкин.

Screenshot_1.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді
  • Головкин бұрынғы бапкері жөнінде өз пікірін білдірді
  • Франц Беккенбауэр. Алаңдағы абыз
  • Головкин 8 маусымда өтетін жекпе-жекте қанша гонорар алады?
  • Головкиннің 8 маусымда кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: