Қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді

f1a08a87-8fd1-4eea-a7b4-490d1ddf3a62.jpg

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ерасыл Жакпеков Өзбекстан боксшысы Комилжан Юсуповты алдымен нокдаунға түсірді. Төреші онға дейін санап, тез есін жиған ол бәрібір қазақстандыққа қарсы соңына дейін шыдаған жоқ. Екінші раундта Ерасылдың соққысынан есеңгіреп тізерлеген Комилжан орнынан тұра алмады. Мұндай нокаут бүгін Шымкентте Сидней Олимпиадасының және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Дәлдәбековтің жүлдесіне арналған бокстан жастар арасындағы VIII халықаралық турнирінде тәркелді.

5 мамырда басталып, 4 күнге ұласқан турнир көрігін Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан мемлекеттерінен арнайы ат арылтып келген былғары қолғап шеберлері қыздырды. Қазақстан бокс құрама командасы мүшелерін қосқанда, 80-нен астам боксшы 10 салмақ дәрежесінде өзара мықтыларды анықтады. 

Ақтық сында 49 келі салмақ дәрежесінде Мұхамедсабыр Базарбайұлы, 52 келіде Талғат Сырынбетов, 56 келіде Бейбарыс Жексен жеңімпаз атанды. 60 келі салмақ дәрежесіндегі Айтжан Әшірхан өзбек боксшысы Рахматолла Тошпулатовты тоқтатты. Дегенмен, 64 келіде шаршы алаңға шыққан Дархан Дүйсебай өзбекстандық Жавлонбек Йулдашовтан аса алмады. 69 келіде Марғұлан Айдарұлына қарсылас шақ келмеді.

81 келіге дейінгі жартылай ауыр салмақта Түркістан облысының атынан сынға түскен Бақдәулет Құрал жеңбесе де ауыр соққыларымен қарсыласын кері шегінуге мәжбүр етті. Дегенмен, тәжірибесі молдау Қазақстан құрама командасының мүшесі Қуандық Мақсұт ұпай санымен ұтты.

91 келіде Сағындық Тоғамбай, аса ауыр (91+) салмақта Аманат Сабырғали өздерінің мықты боксшы екендерін дәлелдеді.

77935c12-fdef-4e03-a106-d93c7b59de98.jpg

7b0d543e-5636-435b-a13b-c5086bebe3bf.jpg

– Бұған дейін бұл турнир жасөспірімдер, кадеттер арасында өткізілген. Енді жастар арасында ұйымдастырылып, жылдан жылға жарыстың мәртебесі артып келеді. Оның айқын дәлелі ретінде мықты боксшылардың шаршы алаңда өнер көрсетулерін айтуға болады. Алты елдің бірінші нөмірлі боксшылары сынға түсті. Осындай жоғары дәрежеде ұйымдастыруға еңбек сіңірген бокстан жастар арасында Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов ағамыз жалғасын табатын турнирдің келесі жеңімпаздарына спорт шебері атағын беруді жоспарлап отырғанын жеткізді. Мұндай әрекеттің шетелдік спортшылардың да қызығушылықтарын арттырып, боксшыларымыздың деңгейлерін өсіретіні сөзсіз. Әзірге бұл турнир биыл қараша айында Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына дайындық, – дейді Қазақстан Көкпар федерациясының президенті, даңқты боксшы Мұхтархан Ділдәбеков.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді
  • Головкин бұрынғы бапкері жөнінде өз пікірін білдірді
  • Франц Беккенбауэр. Алаңдағы абыз
  • Головкин 8 маусымда өтетін жекпе-жекте қанша гонорар алады?
  • Головкиннің 8 маусымда кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: