Қанат Исламның карьерасына қатысты мән-жай белгілі болды

1545295560327179.jpg

Қазақстандық кәсіпқой Қанат Ислам (25-0, 20 КО) Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте карьерасын жалғастыру туралы мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері кәсіпқой рингкте 2012 жылдан бастап жұдырықтаса бастады, алайда, соңғы 15 айда рингке шықпады. Жазда қазақстандық АҚШ-та жұдырықтасу керек болатын, бірақ, жарақат алып қалған еді.

"Промоутер Лопеспен жұмыс істеген кез болған. Енді Эгис Климаспен келісімшарт жасастым. Бірақ рингке шығар алдында жарақат алып қалдым, ал дәрігерлер емделуіме жеті-сегіз ай қажет деп сендірген. Эгис Климаспен сөйлестім. Ол мен дайын болсам, бір ай ішінде жекпе-жек ұйымдастырып бере алатынын айтты.

Дәрігерлермен ақылдасудамыз. Олардың соңғы жауабын күтіп отырмыз. Бір ай ішінде жауабын беру керек", - деп түсіндірді боксшы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді
  • Головкин бұрынғы бапкері жөнінде өз пікірін білдірді
  • Франц Беккенбауэр. Алаңдағы абыз
  • Головкин 8 маусымда өтетін жекпе-жекте қанша гонорар алады?
  • Головкиннің 8 маусымда кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: