Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы Чехия чемпионатында бақ сынайтын «Виктория» командасымен кездесті, деп жазады prosports.kz.
Түркия жерінде өткен жолдастық матчта шымкенттік команда 1:3 есебімен жеңіліп қалды. «Ордабасы» сапынан жалғыз голды Виталий Ли 90-шы минутта соқты.
«Ордабасы» - «Виктория» (Отроковице, Чехия) - 1: 3
Соғылмаған пенальти: Виталий Ли 74
«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (В) - Мардан Төлебек (Алияр Мухамед), Ұлар Жақсыбаев, Дамир Даутов, Талғат Адырбеков, Эльхан Астанов, Самат Шамши, Әділхан Добай, Максим Ваганов, Мұхит Жақсылык (Тохтар Жаңғылышбай) (Мадижан Айтбаев), Виталий Ли.
Бас бапкер: Кахабер Цхададзе.