Бапкері Головкинді «жақсылықты білмейтін сараң» деп атады


 200065_884c4d015f2aec97971ab1413db28252.jpg

Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин өзінің бапкері Абель Санчеспен арадағы келісім-шартты тоқтатынын мәлім етті.

«Мен өзім үшін, мансабым үшін маңызды шешім қабылдағанымды жеткізгім келеді. Жетістіктеріме сүйене отырып, өзімді жетілдіре түскім келеді. Сондықтан енді Абель Санчеспен жаттығу өткізбеймін. Бұл мен үшін оңай шешім болған жоқ әрі мұның Абельдің кәсіби қабілетіне де еш қатысы жоқ. Ол - тамаша бапкер, жұмысына адал, Даңқ залына аты жазылған бапкер. Жаңа бапкерім туралы кейінірек хабарлаймын. Ал бүгін бокста берген сабақтары үшін Абельге алғыс айтамын», - деп мәлімдеді кәсіпқой боксшы. Бұл өзгерісті Абель Санчес өте ауыр қабылдаған сияқты. Ол ақпарат құралдарына берген сұхбатында Головкиннің ақшаға қатты беріліп кеткенін айтып, ашуға булықты.   

-Жақсылықты білмейтін сараң. Ол жуырда ғана DAZN-мен 100 миллион долларға келісімшарт жасасты. Бұдан кейін ақша жетпейтіндігін алға тартып, түбегейлі шараға баруға мәжбүр екендігіңізді айтуға бола ма? Осының бәрі ақша үшін. Мен олардың бұл қорлығына шыдай алмас едім. Бұл ызаңды келтіреді. Себебі бұл жігіт мұндай қадамға баратынын ешқашан ойлаған емеспін. Оны ұяты бар, адал, тәрбиелі деп ойлайтынмын. Бұл оны осыншама өзгертетінін ойламаппын. Мен ызаға булығып отырмын, - деді Санчес ESPN-ге берген сұхбатында.

 WhatsApp Image 2019-04-15 at 09.38.39.jpeg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент «Жусан» операциясы бойынша мәлімдеме жасады
  • Назарбаев Қызыл алаңдағы әскери парадқа қатысты
  • Бүгін Сенат төрағасы 56 жасқа толды
  • Түркістанның сауда орындары қала сыртына көшіріледі
  • Шөкеевтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: