Әлия Юсупова тұрмысқа шықты

DPP_2.jpg

Отандық спорттың ең жарқын жұлдыздарының бірі, әлемдік гимнастикада өзін мойындатқан ару Әлия Жүсіпова    тұрмысқа  шықты. Байрақты бәсекелерде елдің намысын абыроймен қорғаған Әлияның ұзату тойы   желтоқсанның  4 күні өтті. Гимнастшы жерлесіміздің халықаралық деңгейдегі жеңістерін тізіп шығудың өзі біраз уақыт алады. Негізгілеріне тоқталсақ, 2006 жылы Үндістанда  өткен Азиялық   біріншілікте   алты  медаль жеңіп алды. Екі  Олимпиадаға   қатысып, шеберлігімен әлем жұртшылығын таңдандырды. Қазақстанның бірнеше жүркін чемпионы. Сондай-ақ, биыл  ғана Азия  чемпионы  атанды.  Әлия қыз жайлы елімізде естімеген жан жоқ десек артық айтпаймыз. Ал енді оның таңдаған жары кім? 

Шымкенттік атақты  спортшы  ару  31 жасар Нұржан  Әлтаев деген  азаматқа тұрмысқа шығып  отыр. Ол да Оңтүстіктің тумасы. Мамандығы   заңгер Нұржан қазір «Оңтүстік»  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»  ұлттық  компаниясы» акционерлік  қоғамының басқарма  мүшесі,  құқықтық қамтамасыз  ету  департаментінің  директоры  болып  істейді. «Мен Әлияны  сырттай,    газет   мақалалары  және телесюжеттер  арқылы ғана білетінмін.   Және   көптеген  өз қатарластарым сияқты,  онымен   танысуды армандап  едім.  Әлияның  қарапайымдылығы,  шексіз сүйкімділігі  мені  өзіне тәнті етті.   Мен оған қоңырау  шалатынмын,  бірақ ол  кезде  бейтаныс  жігіт  болғандықтан, Әлия  «маған кейде назар аудармайтын».  Дегенмен, мен де тайынбадым. Қай елде  өнер көрсетпесін,  оған   гүл  жолдауды дағдыа айналдырдым.  Мүмкін,  осы  жайт    шешуші    роль атқарған болар», деп ағынан   жарылады  Нұржан. 

Той  қарсаңында  Елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев жастарды    құттықтап, автокөлік тарту етті.  Құрметті қонақтардың арасында облыс әкімі Асқар Мырзахметов те  болды. Оның  Нұржан мен Әлияға тартқан сыйлығы - үй кинотеатры.  

Әлбетте,  Әлияның тұрмысқа шығуына бір жағынан қуанған жұрт екінші жағынан оның  спорттағы болашағына да  алаңдаушылығын жасырмады. Бұл орайда мемлекеттік  жаттықтырушысы Екатерина Панченконың пікірін беруді жөн көрдік.   

- Әлия Қазақстанның ғана емес, әлемнің ең мықты гимнастшыларының бірі. Оны спорттан кетті деп айту әлі ерте. Барлығын төреші  уақыт көрсетеді. Әрине, біз Әлияның спортқа гимнастшы немесе жаттықтырушы ретінде оралуын күтеміз.  Бұл жағдайда да Жүсіпованың үлкен жетістіктерге жете алатынына сенімдімін. Қалай болғанда да, Әлияның орнын басатын талантты гимнастшы қыздарымыз бар екенін айтқым келеді. Алдағы жылы бізді Азия Ойындары күтіп тұр. 2006 жылы Әлия осы байрақты бәсекеде абсолютты чемпиогн атанған. Сол жетістікті тағы да қайталауды көздеп отырмыз. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді
  • Головкин бұрынғы бапкері жөнінде өз пікірін білдірді
  • Франц Беккенбауэр. Алаңдағы абыз
  • Головкин 8 маусымда өтетін жекпе-жекте қанша гонорар алады?
  • Головкиннің 8 маусымда кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: