Жапония үнемі өзгелерді таң қалдырып жүретін халық. Олар 2020 жылы өтетін Олимпиадаға дайындықты бастап та қойған. Дайындық жұмысына әрібір адам өзінің керек емес ескі телефонын, ноутбугын өткізу арқылы қатыса алады. Бұл бір жағынан қоршаған ортаны қорғау әрі әлемге жаңа медаль ұсыну.
Халықтан қажетсіз ескі гаджеттерді жинау идеясы 2017 жылы сәуірде дүниеге келген. Сөйтіп қалдықтарды жинайтын орындар ашылған.
Әрмен қарай гаджеттерді сұрыптаудан өткізеді.
Оны майда етіп ұсақтайды. Алынған материалдардан сұйылтылған қымбат материалдар бөлініп алынды. Тазартудан өткізілді. Нәтижесінде алтын, күміс, қола алды
Әрине бір ғана гаджеттен қымбат металл жинау мүмкін емес, сондықтан бұл іске елдің барлық халқы атсалысты.
2018 жылы қарашада барлық материалды жинап үлгерді. Ұйымдастырушылар Олимпиада-2020 ойыны басталғанша наградалардың барлық жинағы дайын болады деп сендіріп отыр.
Дереккөз: https://ribalych.ru/2019/02/15/olimpiada-2020-yaponiya/
Дайындаған Жансая СЫДЫҚБАЙ