Әжімдер сыр шертеді

869-1476217619-a0a61a999d.jpg

Беттегі әжім арқылы адамның мінез-құлық ерекшеліктерін байқауға,айыруға,тануға болатынын ғалымдар дәлелдеген. Біз сіздерге соның кейбір құпияларын ашпақпыз.

 

 Көңілділік - Ауыз бен көз щетінде орналасқан әжім сызықтары көңілді адамдардың мінез-құлқын көрсетеді.

 Қорқақтық - Езудің екі жағына тарамдалған әжімдер,өмірде қорған іздейтін қорқақ адамдарға тән.

 Қоршаған ортаға мән бере қарайтын адамдар - Өмірде ұсақ-түйекке көп мән беретін адамдардың көзінің айналасына әжімдер үйір-ақ.Оны не болмаса «қаз табан»әжімдер деп те атайды.

 Адалдық пен щынайылық - Екі қастың үстіне көлденең түсетін әжімдер,мінезінде адалдық пен тұрақтылығы басым адамдарға тән.

 Зиялылық - Екі көздің арасында терең орналасқан әжімдер зиялы адамдарға тән.

 Алды-артын байқағыш және кең пейілділік - Алды-артын байыптағыш,мейірімді,кең пейіл адамдардың маңдайына ұзын-ұзын көлденең орналасқан әжімдер толады.Ал алдына қойған мақсатын тындыра алмайтын адамдардың маңдайындағы әжімдері көлденеңнен түскен қысқа және ұсақ болады.

 Түңілу - Қатты күйзелістен туатын әжімдер тез жоғалып кетуі де мүмкін,бірақ уақыт өткен сайын айқын көрінетін болады.Бұл әжімдер мұрынның төменгі жағы мен езудің шетін жайлап жатады.Егер әжімдер ауыздан төмен қарай,яғни иекте орналасса,ол-адамның денсаулығының бұзылғанының белгісі,я болмаса бұл-өмірден түңілген адамға тән әжімдер.

 Алаңдаушылық - Бүкіл бетке және екі қастың үстіне қиғаш орналасқан әжімдер мазасыз адамдарға тән.

 Ашуланшақтық - Бетінде үшбұрыш кейіпіндегі әжімдер(әсіресе екі әжімнің қосылған тұсы үшкір болса)намысшыл,ашуланшақ адамдарға тән.

 Күйгелектік - Өзімізге таныс маңдайдағы үшкір әжімдермен қатар көздің айналасындағы және екі езуден төмен қарай бағытталған әжімдер жүйкесі тозған,жиі мазасызданатын адамдарға тән.

 Таңқалу - Көздерінің төменгі жағына көлденең орналасқан адамдарда көбінесе айналасындағы өмір оқиғаларына таң қала қарайтын жандар болып келеді.

 Немқұрайлық - Жүзінде әжімі жоқ,бетінің еті бос,екі езуінің тұсында қос сызығы бар адамдар еріншек,айналасына немқұрайлы қарайтын жандар болып келеді.

 

Дайындаған: Психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: