Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Түркістанды екі бағытпен ғана дамыта аламыз. Ол – кәсіпкерлік және туризм. Туризмді дұрыс жолға қойсақ, кәсіпкерлікте қатар дамымақ», – деді қала әкімі Р.Аюпов кәсіпкерлермен кездесуінде. Шаһар басшысының төрағалығымен өткен жиынға облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен облыс орталығындағы жеке кәсіпкерлер қатысты. Шара шеңберінде баяндама жасаған ТЖД зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Б.Запаров қонақ үйлер мен мейрамханалардағы және сауда орталықтарындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын айтып, ғимараттарға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді. Сондай-ақ, тілсіз жау орын алған кездегі алғашқы іс-әрекеттер де баяндама барысында қалыс қалмады.
«Облыс әкімінің тапсырмасымен қаламыз 16 секторға бөлінген болатын. Қазіргі таңда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылдың 1-желтоқсанына дейін қала 70 пайыз табиғи газбен қамтылады. Келесі жылы бұл көрсеткішті 100 пайызға дейін жеткізіп, тұрғындар көгілдір отынның шарапатын көрмек. Ал, алдағы 4 жылда облыс орталығы толығымен жарықтандырылып, тас жол төселеді. Айта кетерлігі биылғы жол жұмыстары 62 көшемен аяқталса, алдағы бұл жұмыстар жаңа жүйеде жалғасатын болады. Сонымен қатар, абаттандыру аясында күзден көктемге дейін 200 мыңға жуық көшет отырғызылады. Осы шара шеңберінде «1 отбасыға – 1 ағаш» деген бағдарлама даярладық. Қаланың көркеюіне әрбір тұрғын жанұясымен атсалысса дейміз», – деді Р.Абатұлы.
Қазіргі таңда кәсіпкерлеріміздің тойхана мен дәмхана арқылы табыс тауып отырғандығы жасырын емес. Осы жайтты ескерген басшылық бұрынғы «23:00-ге дейін жұмыс жасасын» деген қағиданың күшін жойды. Бұл кәсіпкерлерге қолдау облыс әкімі Ө.Шөкеевтың тапсырмасымен жүзеге асып отыр. Енді өз бизнесіңізді дөңгелетуге уақыттың қысқалығы кедергі келтірмейді. Айта кетерлігі, тәртіп баршаға ортақ екендігін ескеріп музыка өз уақытында тоқталуы тиіс. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігінен бөлек кездесу барысында автотұрақтар жайы да тілге тиек етілді. Салықтан жалтару мақсатында құжатта ғимараттардың құнын арзан көрсету көп екендігін алға тартқан қала басшысы тексеру болатынын баса айтты. Кәсібінен несібін тауып отырған жандар көкейкесті сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Кездесуді қорытындылаған қала әкімі Р.Аюпов кәсіпкерлерге апта немесе ай сайын жүздесуге дайын екендігін жеткізіп, бірлесе жұмыс жасап Түркістанның түлеуіне үлес қосуға шақырды.