Туристерге қызмет көрсететін музей қызметкерлері біліктілігін арттырды

Screenshot_19.jpg

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің базасында өткен музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы аяқталды.

Осы орайда, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков бес күн бойы өз тәжірибелерімен бөлісіп, арнайы дәріс өткізген «Арман-тур» халықаралық туристік агенттігінің, аудармашылар және гидтер мектебінің директоры, Жібек жолының ресми экскурсоводы, ұлттық жаттықтырушы — Абжанова Салтанат Агзамқызына, Бейбітшілік және Келісім Сарайының экскурция бөлімінің басшысы, тәжірибелі экскурсовод Мұқышбаева Ардақ Кеңесқалиқызына алғыс білдіріп, тарихи кітаптар сыйға тартты.

Қорық-музей қызметкерлерінің жоғары деңгейдегі қызмет тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған дәріске қатысқан Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы», «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы», «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы», «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығы» және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығынан 30 экскурсия жүргізушілеріне арнайы сертификаттар берілді.

Айта кетсек, 27 — 31 тамыз күндері аралығында өткен курста қорық-музейлерге қарасты тарих және мәдениет ескерткіштері мен музей залдарының экспозицияларын жұртшылыққа ұсыну, таныстыруды тартымды және сапалы жүргізу, жан-жақты біліктілік, кәсіби этика сынды тақырыптар терең түсіндіріліп, пікір алмасу және шеберлік дәрістері өтті. Сондай-ақ, ішкі және сыртқы туризм саласын дамытудағы экскурциялық қызмет көрсетудің маңызы мен заманауи әдістемелері де курстың басты тақырыбы ретінде қарастырылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: 2023 жылға дейін облыс орталығында 4 миллионнан аса көшет отырғызылмақ
  • «Түркістан» индустриялық аймағы 350 гектарды құрайды
  • Кәсіп етіп, нәпақа айырамын деушілерге еш қолбайлау жоқ
  • Мейманханалар қала экономикасын көтереді
  • Туристердің демалуына қолайлы жағдай жасалған
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика