Сайрамда кабель шығарылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу – ел экономикасының тұрақты өсімінің басты тетігі екенін үнемі атап келеді.

Президенттің бұл бағыттағы тапсырмалары Сайрам ауданында да жүйелі жүзеге асырылып, өндіріс орындарының саны артып келеді.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразәлиев аудан аумағындағы «AstroTech Cable» кабель өндіретін зауыттың жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның өндірістік үдерісін аралап көріп, өнім шығару технологиясымен және алдағы даму жоспарларымен танысты.
Жоба құны 1,3 миллиард теңгені құрайтын өндіріс орны тәулігіне 12 мың шақырымға дейін кабель өнімін шығаруға қауқарлы. Қазіргі таңда кәсіпорында 80 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Кәсіпорында өндірілген өнімдер ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етумен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Польша мемлекеттеріне экспортталуда. Бұл өз кезегінде ауданның экспорттық әлеуетін арттырып, өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда.
Зауытты аралау барысында аудан әкімі өндірістің сапасы мен өнім көлемін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және инвестициялық жобаларды одан әрі дамыту мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ, инвесторларға қолайлы жағдай жасау және өндіріс саласын қолдау аудан әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
Өңірде осындай заманауи өндіріс орындарының іске қосылуы халықты тұрақты жұмыспен қамтуға, инвестиция көлемін ұлғайтуға және Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
С.АБЫЛБЕКОВА


