Иорданиялық блогер Каспий жағалауындағы құтқарушылар жұмысына жоғары баға берді

Oinet.kz 11-06-2026

Иорданиялық танымал блогер Юсеф Хаттаб Каспий теңізі жағалауында ТЖМ құтқару қызметінің жұмысымен танысып, мамандардың кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді. 

Ол құтқарушылардың күнделікті қызметі мен төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстарының маңызын ерекше атап өтті.

Сапар барысында блогер Каспий теңізінің табиғатына тәнті болғанын жасырмады. «Бұл менің өмірімде көрген ең әдемі теңіздердің бірі. Мұнда өте әдемі, ал айналамыздағы адамдар керемет. Мені жақсы қарсы алды, көп рахмет!» – деді ол.

Юсеф Хаттаб демалушыларға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес берді. Оның айтуынша, тек құтқарушылар кезекшілік ететін арнайы аймақтарда ғана шомылу қажет.

Сондай-ақ ол белгіленген аумақтан шықпауға, тыйым салынған жерлерге кірмеуге және қауіпсіздік талаптарын бұзбауға шақырды.

«Құтқарушылар тәулік бойы, аптасына 7 күн қызмет етеді және әрдайым көмек көрсетуге дайын», – деді блогер.

Ол Қазақстанға келушілерді табиғатты тамашалаумен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтауға үндеді.

В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу