4,6 трлн теңге: Шымкентте ШОБ өнімі 34,5 %-ға артты
Шымкент қаласында өткен жылы шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілері өндірген өнім көлемі 4 684 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 34,5%-ға артты.

Сонымен қатар қалада 259 мың адам шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылды. Көрсеткіш 5,9%-ға өсіп, Шымкент өңірлер арасында 2-ші орынға шықты.
Айта кетейік, бүгінде мегаполисте жалпы 141 957 шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс істеп тұр. Кәсіпкерлікті дамыту және бизнеске қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса береді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


