Қаңғыбас иттердің шабуылынан жарақат алған науқасқа вакцина егілді

Oinet.kz 17-04-2026

2026 жылғы 16 сәуірде сағат 12:30-да Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық аурухананың қабылдау бөліміне азаматша Х. (жүктіліктің 34-аптасы) оң жақ балтырындағы тістелген жара және зақымданған жердегі ауырсыну шағымымен жүгінді.

Screenshot_4.jpg

Науқастың айтуынша, жарақат ауруханаға жүгінуден 30 минут бұрын қаңғыбас иттер тобының шабуылы салдарынан алынған. Қарау барысында оң жақ балтырдың ортаңғы үштен бір бөлігінің артқы бетінде ұзындығы 5 см-ге дейін жететін тістелген жаралар анықталды. Диагноз: оң жақ балтырдың тістелген жаралары.

Науқасқа жараға алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізіліп, майлы таңғыш салынды. Алдын алу мақсатында құтырудың алдын алу үшін антирабиялық «Рабивакс» вакцинасы, сіреспеге қарсы сарысу және сіреспе мен дифтерияға қарсы АДС-М вакцинасы енгізілді.

Жүктілікті ескере отырып, бірінші кезектегі міндет – жүктіліктің ағымын бақылау болып табылады. Бұл бақылау науқастың диспансерлік есепте тұрған жері бойынша жүргізіледі. Әйелдің және құрсақтағы баланың жағдайы күшейтілген медициналық бақылауда болады.

Отопительный сезон без единой аварии прошел впервые за много лет для жителей нескольких микрорайонов
Пациенту, получившему травму в результате нападения бездомных собак, сделали прививку
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу