М.Әуезов атындағы ОҚУ-да швейцариялық серіктестермен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Oinet.kz 03-03-2026

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне жұмыс сапарымен Швейцарияның Қолданбалы ғылымдар экономика және менеджмент мектебінің (Swiss-SASEM Business School) ректоры, профессор Доминик Джордан және аталған оқу орнының президенті, профессор М. Ескендиров келді. 

Screenshot_15.png

Сапар аясында оқу ордасы базасында аталған бизнес мектебінің  кабинеті ашылып, академиялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. 

Кездесуге қаладағы іскерлік және қоғамдық орта өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.

Бұл сапар бизнес және басқару саласында практикаға бағытталған білім беруді дамытуға, заманауи басқарушы кадрларды даярлауға, сондай-ақ университет пен өңірдің кәсіпкерлік секторы арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталды.

Screenshot_16.png

Сонымен қатар мамандардың біліктілігін арттыру, басқарушылық құзыреттерді дамыту, тәжірибе алмасу және халықаралық тәжірибеде қолданылатын заманауи білім беру технологияларын енгізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында цифрлық және интерактивті оқыту форматтары, сондай-ақ білім беру процесінде иммерсивті технологиялар мен виртуалды шындық құралдарын қолдану арқылы бизнес сценарийлер мен басқарушылық жағдайларды интерактивті ортада модельдеуге мүмкіндік беретін заманауи білім беру шешімдері таныстырылды.

Тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға және бірлескен білім бер

ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
Шымкент қаласында 695 мыңнан астам дауыс беруші бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу