Шымкент: Қуатжылуорталық-3ұжымында Конституция жобасы талқыланды

Oinet.kz 20-02-2026

Шымкенттегі «Қуатжылуорталық-3» мекемесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға мекеме жұмысшылары, басшылық құрам мен белгілі сарапшы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетісаясаттану кафедрасының меңгерушісі Ардақ Монтаевқатысты.

Screenshot_12.png

Жиын барысында спикер жаңа Конституция жобасында қарастырылған өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызын жан-жақты талдап, олардың ел дамуы үшін стратегиялық рөлін түсіндірді. Оның айтуынша, конституциялық реформалар – тарихи үдерістің заңды жалғасы әрі мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды қадам.

– Біз Конституцияны тек құқықтық құжат ретінде емес, мемлекеттің болашақ бағдарын айқындайтын негізгі құндылықтар жүйесі ретінде қарастыруымыз қажет. Ұсынылып отырған өзгерістердің басты мақсаты – адамды мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдыру, – деді Ардақ Монтаев.

Кездесу барысында Парламент құрылымына қатысты ұсыныстар, «құрылтай» атауының тарихи-мәдени негізі, сондай-ақ қоғам мен билік арасындағы диалогты күшейту тетіктері сөз болды. Сонымен қатар Премьер-министр институтының жаңартылған құрылымы мен Халық кеңесінің қызметіне қатысты бастамалар талқыланып, билік тармақтары арасындағы жауапкершілік пен тепе-теңдікті арттыру мәселелері көтерілді.

Спикердің атап өтуінше, жаңа Конституцияның негізгі қағидаты – адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің барлық саясатының іргетасына айналдыру. Бұл бағыт азаматтардың қадір-қасиетін қорғауға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың әлеуетін толық жүзеге асыруға жағдай жасауға негізделген.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жан-жақты жауап алды. Жиын қорытындысы бойынша барлық қатысушылар жаңа Конституцияға қолдау білдірді.

Алматы қаласының прокуратурасы әлеуметтік желілердегі ақпаратқа пікір білдірді
Шымкент: Мәслихат депутаттары Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу