Атырау облысында жоғалған аңшы: қызы әкесінің өліміне қатысты жаңа мәлімет берді
Атырау облысында былтыр 14 желтоқсанда жоғалып, кейін қаза болған аңшы Өтебай Сабиров туралы жаңа деректер марқұмның қызы тарапынан жарияланды, деп хабарлайды Оinet.kz.

Қызының айтуынша, әкесі кәсіби аңшы болмаған және бұл оның алғаш әрі соңғы рет аңға шығуы еді. Ол қарапайым киіммен — үйдің күнделікті етігі мен комбинезімен барған. Сараптама қорытындысы бойынша, өлімнің нақты себебі — суыққа тоңу.
Марқұмның жанында болған екі адамның әрекеті қызының күдігіне ілінді. Ол досы мен досының күйеу баласының әкесінің өліміне қатысты және бір нәрсені жасырып отырғанын мәлімдеді. Іздеу жұмыстары кезінде де күмәнді жайттар байқалған: досы соңғы рет көрген жерге бармаған, ал күйеу баласы іздеуге қатыспаған.
1964 жылы туған Өтебай Сабиров бірнеше күнге созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде 19 желтоқсанда «Ботахан» кен орнынан өлі күйінде табылған. Облыстық ТЖД хабарлауынша, іздеу-құтқару шаралары жедел жүргізілген, тіпті аумақ әуеден тексерілген.
Марқұмның қызы оқиғаның толық мән-жайы ашылуын талап етуде.
Еске сала кетейік, 61 жастағы зейнеткер-мұнайшы Өтебай Сабиров Ботақан кен орны маңына екі досымен аң аулауға барған. Бір тәуліктен кейін ер адамның қасындағы серіктері оның көлігімен қалаға қайтып келіп, Сабиров аң аулап жатқанда жоғалып кетті деп отбасына хабарлаған.
Ол кезде полиция өлімнің нақты себебін анықтау үшін соталды тергеп-тексеруді бастаған. Қайғылы жағдайдан екі ай өткен соң тергеудің ресми түрде тоқтатылғаны белгілі болды.


