«Дамудың бірден-бір жолы – ғылым» (Қасым-Жомарт Тоқаев)

Oinet.kz 05-02-2026

Мен білім мен ғылым саласында қызмет жасайтын болғандықтан 2026 жылы жарияланған жаңа Конституция жобасындағы білім мен ғылымға, ғылыми қауымдастыққа қатысты тұстарға тоқталғанды жөн көрдім. 

Жыл басында маған берілген «Қазақстан Республикасының Үздік ғылыми қызметкері» сыйақысы тек жеке жетістік қана емес, ғылымға деген қоғамдық сұраныстың артқанының белгісі деп қабылдаймын.

Ата заңға енгізілген толықтыруларға келсем, біріншіден, жобаның жалпы философиясында білім мен ғылым елдің болашағын айқындайтын құндылық ретінде анық көрсетіледі. Жобаның кіріспе бөлімінде мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтары бағдарға алынатыны, мемлекет дамуының басымдығы ретінде адами капиталды, білім, ғылым және инновацияларды дамыту атап өтілген.

Екіншіден, білімге қатысты нормаларды нақтылау көзделеді:

* мемлекеттік оқу орындарында тегін бастауыш және орта білімге кепілдік беріледі және ол міндетті деп көрсетіледі;

* мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурс негізінде жоғары білім алуға құқық бекітіледі;

* мемлекет жалпыға міндетті білім стандарттарын белгілейді, барлық оқу орындары сол стандарттарға сай болуы тиіс;

* діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім мен тәрбие беру жүйесінің зайырлы сипаты айқындалады.

Үшіншіден, бұл нормалардың ғылыми ортаға тікелей әсері бар. Өйткені білімге кепілдік, сапа стандарты және зайырлы қағидат — ғылымның кадрлық базасын күшейтетін, әділ бәсекені қалыптастыратын іргетас. Ал адами капитал мен ғылымды құндылық ретінде бекіту — зерттеу мен инновацияға басымдық берудің конституциялық деңгейдегі тірегі.

Түйіндеп айтқанда, бұл өзгерістер — тек мәтін ғана емес. Бұл - әр отбасының баласына, әр студенттің мүмкіндігіне, әр мұғалім мен ғалымның еңбегіне әсер ететін таңдау. Біз елдің ертеңі тек табиғи байлықтың мөлшерімен емес, білімнің қуатымен өлшенетін кезеңге қадам жасап отырмыз

2026 жылғы конституциялық реформа: Адам құқықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде бекітілді
Шымкентте пара алды деп айыпталған экс-басшының ісі қаралуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу