2026 жылғы конституциялық реформа: Қазақстан Республикасының жаңа ата заңы

Oinet.kz 03-02-2026 16

Қазақстан Республикасында 2026 жылға жоспарланған конституциялық реформа аясында Ата Заңның жаңа жобасы ұсынылды. 

1000543440.jpg

Құжат елдің құқықтық жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге және қоғам дамуының заманауи талаптарына сай құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.

Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар мемлекеттің негізгі басымдықтары ретінде айқындалды. Бұл бағыттар адами капиталды дамытуға және елдің зияткерлік әлеуетін нығайтуға негіз болады.

Сонымен қатар, реформаның маңызды жаңалықтарының бірі – цифрландыру саласын конституциялық деңгейде бекіту. Алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға қатысты нормалар енгізіліп, дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен заманауи технологияларды пайдалану кезіндегі құқықтық тетіктер айқындалды.

Жалпы алғанда, жаңа Ата Заң қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігін арттыруға, құқықтық мемлекетті дамытуға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

2026 жылғы конституциялық реформа: ҚР ата заңы жобасының негізгі жаңалықтары
Халық кеңесі – жалпыұлттық келісім институты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу