Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі

Oinet.kz 30-01-2026 20

Бүгін Сенатта конституциялық реформа, оның саяси жүйені жаңғыртудағы және мемлекеттік құрылымның жаңа моделін қалыптастырудағы рөлі талқыланды. Мәулен Әшімбаев «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысын өткізді.

Screenshot_11.png

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың жуырда өткен отырысында ауқымды конституциялық реформалар туралы айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңі басталатынын жеткізді. Бұл саяси жүйемізге тек түзетулер мен толықтырулар енгізу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл әлемдегі қазіргі сын-қатерлерге бейімделу арқылы түбегейлі жаңғыруға қадам басу екені анық. Сондықтан, осындай маңызды сәтте бірлігімізді бекемдеп, Мемлекет басшысы ұсынған өзгерістерді жүзеге асыруда жұдырықтай жұмылу айрықша мәнге ие», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенатта «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысы өтті
Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу